Алаш әдебиетіндегі тәуелсіздік идеясыFarabi University

Алаш әдебиетіндегі тәуелсіздік идеясы

21 қазан, 2025

2025 жылдың 21 қазан күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушылық-профессорлық құрамы мен Мемлекеттік Тілді дамыту институтының ғылыми қызметкерлерінің бірігіп ұйымдастыруымен Республика күніне орай 16-ТДМ сай «Алаш әдебиетіндегі тәуелсіздік идеясы» атты ғылыми-практикалық дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге Мемлекеттік тілді дамыту институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Б. Қапалбек, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Ө. Әбдиманұлы, А. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Л. Дәуренбекова, Ұлттық аударма бюросының ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты, PhD (Абердин университеті) Г. Түсіпова, Ахмет Байтұрсынұлы мұражай-үйінің директоры Р. Имаханбет, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Е. Солтанаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы Ш. Шортанбай, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің PhD докторанты Қондыбай Медет т.б. қатысып, баяндамалар жасады. Дөңгелек үстелдің мақсаты ХХ ғасыр басындағы Алаш қайраткерлерінің шығармашылығындағы тәуелсіздік, еркіндік, бостандық идеяларының қалыптасып, дамуын, әдебиеттегі бейнеленуін қарастыру болды.

Дөңгелек үстелге қатысқан зерттеушілердің бір парасы осы кездегі тарихи-әлеуметтік жағдайларға, оның ұлттық әдеби үдеріске әсерін көрсете баяндады. Сондай-ақ Абай және Алаш идеологиясын, Алаш қайраткерлерінің шығармашылығындағы саяси құндылықтарды, жекелеген Алаш қайраткерлерінің шығармашылығындағы тәуелсіздік идеясы секілді мәселелерді қарастырған қызықты баяндамалар болды. Дөңгелек үстелге қатысушы ретінде шақырылған филология факультетінің магистранттары баяндамашыларға сұрақтар қойып, талқылауларға белсене қатысып отырды.  

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің

 аға оқытушысы, ф.ғ.к. Е. Солтанаева