- Басты бет
- Жаңалықтар
- Венециядағы Ка’Фоскари университетінің ғалымы Райма Ауесхан ҚазҰУ-да ашық дәріс өткізді.
Венециядағы Ка’Фоскари университетінің ғалымы Райма Ауесхан ҚазҰУ-да ашық дәріс өткізді.
2025 жылдың 20–21 қазан күндері Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Филология факультетінің Түркітану және тіл теориясы кафедрасының ұйымдастыруымен Венеция қаласындағы Ка’Фоскари университетінің (Италия) PhD докторы Райма Ауесхан ашық дәрістер өткізді.

Ғалым екі өзекті тақырыпта мазмұнды баяндама жасады:
- «Әлемдік мұра – Марко Поло Қазақстанда: “Милионе” еңбегінің қазақ тіліне аударылуы (Marco Polo as World Cultural Heritage in Kazakhstan: Translating Il Milione into Kazakh Language)»;
- «Моңғолиядағы қазақ тілі: қазіргі тілдік жағдаят (The Kazakh Language in Mongolia: Present Status)».
Дәріске түркітану және жалпы лингвистика бағытындағы студенттер, магистранттар мен докторанттар қатысып, әлеуметтік лингвистика, этнолингвистика, лингвомәдениеттану, тіл саясаты және тілдік жоспарлау мәселелері бойынша ғалыммен еркін пікір алмасты.
Дәріс жас зерттеушілер, әсіресе тақырып таңдау кезеңіндегі докторанттар үшін ғылыми және тәжірибелік тұрғыдан ерекше маңызды болды. Райма Ауесхан алдағы уақытта да ҚазҰУ-мен ғылыми байланысын жалғастырып, жас ғалымдарға әдістемелік және зерттеу бағытында қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.
Осындай халықаралық академиялық ынтымақтастық түркітану ғылымының көкжиегін кеңейтіп, жас зерттеушілерге шабыт пен серпін беретіні сөзсіз.
Басқа жаңалықтар