ТДМ 11. «Мұражай қазынасы: өткен мен бүгіннің өнері»
2025 жылдың қазан айында ТДМ-11 аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің ұйымдастыруымен Almaty Museum of Art мұражайында «Мұражай қазынасы: өткен мен бүгіннің өнері» атты танымдық экскурсия өткізілді.
Экскурсия барысында қатысушылар ежелгі өркениеттердің бейнелеу өнері мен қолданбалы бұйымдарымен танысты, заманауи шығармашылық бағыттар мен олардың қоғамдағы рөлі туралы мәлімет алды, өткен мен бүгінді байланыстыратын мәдени диалог пен визуалды өнер арқылы берілетін ой тереңдігіне куә болды және Қазақстанның көркем мұрасының байлығын сезінді.
Іс-шараның мақсаты:
- Тұрақты даму мақсаттарының 11-мақсаты (ЦУР-11) аясында мәдени мұраларды сақтау, қолжетімді әрі инклюзивті мәдени кеңістіктерді дәріптеу;
- Студенттердің тарихи сана мен қазіргі өнерге деген көзқарасын қалыптастыру;
- Өнер мен мәдениеттің сабақтастығы арқылы жастардың рухани дамуына ықпал ету.
Бұл танымдық экскурсия тұрақты мәдени даму мен тарихи мұраны сақтау бағытында жүргізілген маңызды білім беру шарасы болды. Іс-шара ТДМ-11 мақсатына сәйкес қалалық мәдени мекемелердің инклюзивтілігін арттыру, қоғамдық сана мен мәдени сабақтастықты қалыптастыру секілді міндеттерді іске асыруға ықпал етті.

Басқа жаңалықтар