Қарым-қатынас психологиясы: дұрыс тыңдау және түсінуFarabi University

Қарым-қатынас психологиясы: дұрыс тыңдау және түсіну

23 қазан, 2025

Қазан айының 23 күні «6В02306—Әдебиеттану» мамандығының 4-курс студенттерімен топ эдвайзері Ш. А. Шортанбай бастауымен «Қарым-қатынас психологиясы: дұрыс тыңдау және түсіну» тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізілді. Іс-шараның мақсаты – студенттердің өзара қарым-қатынас мәдениетін арттыру, тыңдау мен түсіну дағдыларын дамыту, тұлғааралық байланыстағы психологиялық ерекшеліктерді талдау болды. Кураторлық сағат барысында қатысушыларға қарым-қатынас түрлері мен тиімді тыңдау әдістері туралы мәлімет беріліп, түрлі жағдаяттар арқылы өзара пікір алмасу ұйымдастырылды. Студенттер тыңдай білу мәдениетінің қарым-қатынас сапасына әсері, түсініспеушілік себептері және эмпатия ұғымы жөнінде ой бөлісті.

       Ш.А. Шортанбай, қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының 

аға оқытушысы