«Патриот болу – парызың» атты іс-шараFarabi University

«Патриот болу – парызың» атты іс-шара

25 қазан, 2025

25.10.2025 күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультеті,  Дінтану және мәдениеттану кафедрасы, аға оқытушы,PhD Мұқан Нұрзат және 4 курс студенттері ұйымдастырған, Тұрақты даму мақсаттары:сапалы білім беру тақырыбы аясындағы «Патриот болу – парызың» атты іс-шара – елге деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыру мақсатында ерекше басқосу болды. Бұл шараның басты мәні – жастар арасында отансүйгіштік сезімді ояту, тарихи сананы тереңдету, ел бірлігі мен ұлттық рухты насихаттау.
Бұл – тек бір күндік шара емес, бұл – жүрекке ұя салатын тәлім, болашаққа бағдар беретін ұран. Патриот болу – әр азаматтың борышы. Ал оны сезіну – нағыз саналы ұрпақтың ісі.