ҚазҰУ студенттері «Республика күні – Тәуелсіз елдің тұғыры» атты тәрбие сағатына қатыстыFarabi University

ҚазҰУ студенттері «Республика күні – Тәуелсіз елдің тұғыры» атты тәрбие сағатына қатысты

23 қазан, 2025

 

Алматы, 25 қазан. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультетінде Дінтану мамандығының 3-курс студенттерінің қатысуымен «Республика күні – Тәуелсіз елдің тұғыры» атты тәрбие сағаты өтті.Іс-шараның негізгі мақсаты – студент жастардың патриоттық сана-сезімін арттыру, тәуелсіздіктің тарихи және рухани маңызын ұғындыру, сондай-ақ БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарындағы (ТДМ) Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар (№16 мақсат) бағыты аясында елдің тұрақты дамуына үлес қосуға тәрбиелеу болды.Тәрбие сағаты барысында студенттерге Республика күнінің шығу тарихы, Қазақстанның егемендік алған сәтінен бүгінгі күнге дейінгі жетістіктері мен жаңғыру кезеңдері туралы мазмұнды ақпарат берілді.Факультет оқытушылары еліміздің мемлекеттік рәміздерінің мәнін, тәуелсіздік идеясын қалыптастырудағы тарихи тұлғалардың рөлін атап өтті.Сонымен қатар, студенттер «Тұрақты даму және жастардың жауапкершілігі» тақырыбында пікірталас өткізіп, экологиялық мәдениет, әлеуметтік әділеттілік, сапалы білім және ел болашағы үшін бейбітшілік құндылықтары жөнінде ой бөлісті.

Ұйымдастырушылар: қауымдастырылған профессор Балтымова М.Р., «Исламтану» мамандығының 2 -курс магистранты – Алпысбай Әсем.