«Тұрақты дамудың 17 мақсаты» » атты тақырыпта бірлескен ашық тәрбие сағаты өтті.Farabi University

«Тұрақты дамудың 17 мақсаты» » атты тақырыпта бірлескен ашық тәрбие сағаты өтті.

22 қазан, 2025

2025 жылдың 22 қазанында Филология факультеті, шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының жетекші ғылыми қызметкері, PhD Алпысбаева Айгүл Ерболатқызы «Аударма ісі» 4 курс студенттерімен Абай атындағы ұлттық педагогоикалық университеті, Әлем тілдері факультетінің шығыс филологиясы және аударма кафедрасының студенттерімен бірлесіп  «Тұрақты дамудың 17 мақсаты» атты ашық тәрбие сағаты ұйымдастырды.

Екі жоғары оқу орны бірлесіп өткізген ашық тәрбие сағатының ашылуында Әлем тілдері факультетінің деканы  Phd Е.Т.Оспанов құттықтау сөз сөйлеп, бұндай іс-шаралардың маңыздылығына тоқталып өтті.

Аталған бірлескен тәрбие  іс-шарасына әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Светлана Ашимханова,  оқытушы Рахимова Марал Сұлтанбековна, Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к., доцент К.Х.Абдрахманова, ф.ғ.д., профессор А.Қ.Жұмабекова, ф.ғ.к., аға оқытушы Н.Р.Шенгелбаева, аға оқытушы Қ.Т.Дүйсенова және «6В02302 – Аударма ісі» 4 курс  студенттері белсене қатысты.   

                                                                                                                                                                                                                                                                         

Ашық тәрбие сағатында 17 Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) туралы өзара сұхбаттасулар мен пікіралмасу, сөзжұмбақтар, викториналық сұрақтар ағылшын тілінде жүргізілді.

Бұл шара – студентттердің 2030 жылға дейін 17 негізгі бағыттар жайлы, олардың жүзеге асырылуы елді өмірдің барлық негізгі салаларының тұрақты дамуына және осы әлемдегі әрбір адамға қатысты жаһандық мәселелер жайлы  хабардар болуға ынталандырды деуге болады.

Сондай-ақ, Тұрақты даму мақсаты  бойынша әлемдік мәселелерді шешудегі кооперацияның рөлі туралы, жалпы жаһандық климат, соғыс, ашаршылық, қоршаған орта жайында ой қозғалды.