«Патриотизмнің заманауи көріністері және азаматтық жауапкершілік» атты танымдық іс-шараFarabi University

«Патриотизмнің заманауи көріністері және азаматтық жауапкершілік» атты танымдық іс-шара

24 қазан, 2025

Қиыр Шығыс кафедрасында 2025 жылғы 22 қазанында 1-курс студенттерінің қатысуымен «Патриотизмнің заманауи көріністері және азаматтық жауапкершілік» атты танымдық іс-шара өтті. Шараның негізгі мақсаты – студент жастардың бойында елге деген сүйіспеншілікті, азаматтық белсенділік пен әлеуметтік жауапкершілікті арттыру, патриотизм ұғымының қазіргі қоғамдағы маңызын түсіндіру болды.

Іс-шара барысында кафедра оқытушылары мен студенттер қазіргі замандағы патриотизмнің жаңа қырлары, азаматтық борыш пен қоғамдық белсенділіктің рөлі туралы ойларымен бөлісті. Талқылау кезінде қатысушылар қазақстандық қоғамдағы жастардың рөлі мен олардың елдің дамуына қосып жатқан үлесі жөнінде пікір алмасты.

Іс-шара соңында студенттер шығармашылық жобалар мен эсселерін таныстырып, өздерінің азаматтық ұстанымдарын білдірді. Кафедра ұжымы бұл кездесудің жас ұрпақтың рухани-адамгершілік және азаматтық дамуына ықпал ететін маңызды тәжірибе болғанын атап өтті.