Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының оқытушылары жатақханада Республика күніне арналған кураторлық сағат өткіздіFarabi University

Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының оқытушылары жатақханада Республика күніне арналған кураторлық сағат өткізді

23 қазан, 2025

23 қазанда Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының кураторлары Ф.Т. Жұмажанова мен А.Ж. Боранбаева 25 қазан Республика күні қарсаңында жатақханада тұратын топтарының студенттеріне кураторлық сағат өткізді. Кураторлар студенттерді бұл мерекенің шығу тарихымен таныстырды. Студенттерге  1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі тәуелсіз Қазақстанның бірінші құқықтық құжаты - Республиканың егемендігі туралы декларацияны қабылдап, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негізін жарияланғаны айтылды. Сондай-ақ бұл мерекенің ұлттық мереке болып табылатыны және ұлттық және мемлекеттік мерекенің айырмашылықтары түсіндірілді.

Ұлттық мереке – Қазақстан мемлекетінің дамуына елеулі ықпал еткен, ерекше тарихи маңызы бар оқиғалардың құрметіне Қазақстанда белгіленген мерекелер және  Ұлттық мерекелерді атап өту кезінде орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда ресми іс-шаралар өткізіледі. Мемлекеттік мерекелер – қоғамдық-саяси маңызы бар оқиғаларға арналған, сондай-ақ Қазақстанның азаматтары дәстүрлі түрде атап өтетін мерекелер. Мемлекеттік мерекелерді мейрамдау кезінде де ресми іс-шаралар өткізілуі мүмкін.