«25 қазан – Республика күні» ашық сабағы. ЦУР: №4 «Сапалы білім» және ЦУР №16 «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар».Farabi University

«25 қазан – Республика күні» ашық сабағы. ЦУР: №4 «Сапалы білім» және ЦУР №16 «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар».

24 қазан, 2025

2025 жылғы 23 қазан күні сағат 15:00-де Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Физика-техникалық факультетінде 418-аудиторияда «25 қазан – Республика күні» атты ашық тәрбие сағаты өтті. Іс-шараны «6В05306 – Физика және астрономия» мамандығының 2-курс студенттері ұйымдастырды. Жауапты куратор – Электроника және астрофизика кафедрасының аға оқытушысы Акниязова А. Ж.

Ашық сабақтың негізгі мақсаты – студенттердің руханият ұғымы жөніндегі түсініктерін тереңдету, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға құрметпен қарауға баулу, Республика күні мерекесінің қоғамдағы орны мен тарихи мәнін түсіндіру.

Сабақ барысында төрт кезең жүзеге асырылды:

  1. Презентация түрінде Республика күнінің тарихи маңызы баяндалды.

  2. Студенттер ағылшын тілінде «Жаңа Қазақстандағы ғылыми жетістіктер» тақырыбында баяндама жасады.

  3. «Жасанды интеллекттің пайдасы мен кері әсері» тақырыбында пікірталас (дебат) өтті.

  4. Соңында жастар арасында рухани құндылықтарды дамытуға арналған іс-әрекет алгоритмі жасалды.

Көрнекіліктер ретінде бейнебаян, слайд-презентациялар, мемлекеттік рәміздер мен тарихи тұлғалардың суреттері, «Рухани жаңғыру» бағдарламасынан үзінділер пайдаланылды.

Ашық сабақ ЦУР 4 – Сапалы білім және ЦУР 16 – Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар мақсаттарына сай өткізілді.