- Басты бет
- Жаңалықтар
- «25 қазан – Республика күні» ашық сабағы. ЦУР: №4 «Сапалы білім» және ЦУР №16 «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар».
«25 қазан – Республика күні» ашық сабағы. ЦУР: №4 «Сапалы білім» және ЦУР №16 «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар».
2025 жылғы 23 қазан күні сағат 15:00-де Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Физика-техникалық факультетінде 418-аудиторияда «25 қазан – Республика күні» атты ашық тәрбие сағаты өтті. Іс-шараны «6В05306 – Физика және астрономия» мамандығының 2-курс студенттері ұйымдастырды. Жауапты куратор – Электроника және астрофизика кафедрасының аға оқытушысы Акниязова А. Ж.
Ашық сабақтың негізгі мақсаты – студенттердің руханият ұғымы жөніндегі түсініктерін тереңдету, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға құрметпен қарауға баулу, Республика күні мерекесінің қоғамдағы орны мен тарихи мәнін түсіндіру.
Сабақ барысында төрт кезең жүзеге асырылды:
-
Презентация түрінде Республика күнінің тарихи маңызы баяндалды.
-
Студенттер ағылшын тілінде «Жаңа Қазақстандағы ғылыми жетістіктер» тақырыбында баяндама жасады.
-
«Жасанды интеллекттің пайдасы мен кері әсері» тақырыбында пікірталас (дебат) өтті.
-
Соңында жастар арасында рухани құндылықтарды дамытуға арналған іс-әрекет алгоритмі жасалды.
Көрнекіліктер ретінде бейнебаян, слайд-презентациялар, мемлекеттік рәміздер мен тарихи тұлғалардың суреттері, «Рухани жаңғыру» бағдарламасынан үзінділер пайдаланылды.
Ашық сабақ ЦУР 4 – Сапалы білім және ЦУР 16 – Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар мақсаттарына сай өткізілді.
Басқа жаңалықтар