«Power Expo Almaty 2025» халықаралық көрмесіне оқу-танымдық экскурсия. ТДМ 7Farabi University

«Power Expo Almaty 2025» халықаралық көрмесіне оқу-танымдық экскурсия. ТДМ 7

22 қазан, 2025

2025 жылғы 22 қазанда ТДМ-ның 7-мақсаты – «Арзан және таза энергия» аясында «Жаңғыртылатын энергия көздері» тақырыбында «Power Expo Almaty 2025» энергетика, электротехника және машина жасау халықаралық көрмесіне студенттерге арналған оқу-танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Студенттер көрмеде ұсынылған заманауи энергия үнемдеу және жаңғыртылатын энергия технологияларымен танысып, өз мамандықтары бойынша тәжірибелік білімдерін кеңейтті. Көрме барысында студенттер бұрынғы ҚазҰУ түлектерімен кездесіп, олардың кәсіби тәжірибелері мен жетістіктері туралы тыңдады. Түлектер студенттерге болашақ кәсіби дамуға қатысты пайдалы кеңестер мен бағыт-бағдар берді. Экскурсия студенттердің инженерлік ой-өрісін кеңейтіп, энергия тиімділігі мен тұрақты даму идеяларына деген қызығушылығын арттырды.

Жауапты кураторлар: «6В07107-Электр энергетикасы» БББ кураторлары Абдиева Ш.А., Амренова А.У., Игибаев Ж.Б.