«Power Expo Almaty 2025» халықаралық көрмесіне оқу-танымдық экскурсия. ТДМ 7Farabi University

«Power Expo Almaty 2025» халықаралық көрмесіне оқу-танымдық экскурсия. ТДМ 7

22 қазан, 2025

2025 жылғы 22 қазанда Тұрақты дамудың 7-ші мақсаты – «Арзан және таза энергия» аясында «Жаңғыртылатын энергия көздері» тақырыбында «Power Expo Almaty 2025» энергетика, электротехника және машина жасау саласындағы халықаралық көрмесіне студенттерге арналған оқу-танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Бұл іс-шараның басты мақсаты – студенттерді заманауи энергия технологияларымен таныстыру, олардың практикалық білімдерін кеңейту және инженерлік ой-өрісін дамыту болды. Сонымен қатар, экскурсия студенттерді кәсіби салаға енгізіп, олардың теориялық білімін практикалық тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік берді.

2001 жылдан бері Қазақстандағы халықаралық Powerexpo Almaty көрмесі энергетикалық сала үшін ең заманауи жабдықтар, технологиялар және қызметтердің толық спектрін ұсына отырып, жыл сайын кәсіби мамандардың назарына ұсынылып келеді. Көрме тәжірибе алмасу, жаңа кәсіби байланыстар орнату, іскерлік кездесулер мен келіссөздер жүргізудің дәстүрлі алаңына айналды. Көрме Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің, Алматы қаласы әкімдігінің, АО «Самрук-Энерго», Қазақстан Электр Желілерін Басқару Компаниясы АО «KEGOC», Қазақстан Электроэнергетикалық Ассоциациясы (КЭА), Қазақстан Энергоаудиторлары Ассоциациясы және Инженер-энергетиктер одағының қолдауымен ұйымдастырылған.

Экскурсияға «Электр энергетикасы» білім беру бағдарламасының студенттері өз кураторлары Абдиева Ш.А., Амренова А.У. және Игибаев Ж.Б. жетекшілігімен қатысты. Студенттер көрмеде жаңғыртылатын энергия көздері, энергия үнемдеу жүйелері, интеллектуалды электр желілері, фотоэлектрлік және жел электр станциялары сияқты заманауи технологиялармен танысты. Олар әр экспозицияда нақты қолданылатын құрылғылар мен техникалық шешімдерді зерттеп, өз мамандықтарына сәйкес практикалық дағдыларын жетілдірді. Сонымен қатар, көрме студенттерге энергия тиімділігін арттыру, көміртегі ізін азайту, экологиялық жауапкершілік пен тұрақты даму идеяларын терең түсіну мүмкіндігін берді.

Көрме барысында студенттер бұрынғы ҚазҰУ түлектерімен кездесті. Айта кететін жайт, бұл түлектер де дәл осы «Электр энергетикасы» білім беру бағдарламасын сәтті аяқтап, өз мамандықтары бойынша кәсіби білім мен тәжірибе жинақтаған мамандар болып табылады. Олар студенттерге өз кәсіби тәжірибелері мен жетістіктерін бөлісіп, болашақ кәсіби дамуға қатысты пайдалы кеңестер берді. Студенттер мамандық бойынша нақты тәжірибе жинақтап қана қоймай, кәсіби байланыстар орнату мүмкіндігіне ие болды, бұл олардың инженерлік ойлау қабілеттерін дамытуға, шығармашылық шешімдер қабылдауға және өз болашағын жоспарлауға септігін тигізді.

Экскурсия барысында студенттер инновациялық энергия жобаларын зерттеп, қазіргі заманғы энергия жүйелерін тиімді басқару, жаңғыртылатын энергия көздерін біріктіру, энергия тұтынуды оңтайландыру және экологиялық таза технологияларды қолдану әдістерімен танысты. Олар интерактивті стендтер арқылы тәжірибелік машықтарын шыңдап, инженерлік жобаларды бағалау және талдау дағдыларын жетілдірді. Сонымен қатар, студенттер тұрақты даму, энергия тиімділігі және қоршаған ортаны қорғау принциптерін өз тәжірибесінде қолдануды үйренді.

Бұл іс-шара студенттердің инженерлік ой-өрісін кеңейтіп қана қоймай, энергия тиімділігі мен тұрақты даму идеяларына қызығушылығын арттырды. Экскурсия студенттерді кәсіби ортаға енгізіп, болашақтағы еңбек нарығында қолданылатын практикалық дағдыларды меңгеруге мүмкіндік берді. Студенттердің белсенді қатысуы мен ынтасы іс-шараның табысты өтуін қамтамасыз етті, олардың білім деңгейін көтеруге, практикалық машықтарын дамытуға, кәсіби дамуына қолдау көрсетуге ықпал етті. Сонымен қатар, экскурсия қатысушыларға командалық жұмыс дағдыларын, ұйымшылдықты және жаңа идеяларды тәжірибе жүзінде қолдануды үйретті.