Сен біз үшін маңыздысын!Farabi University

Сен біз үшін маңыздысын!

23 қазан, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы студенттерінің арасында «Жастар арасындағы суицидтің алдын алу: себептері мен шешімдері» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде шет тілі және аударма ісі кафедра оқытушылары Таева Р.М., Қазыбек Г.Қ., Байелі Ә., Искакова Г.Н. және де басқа мұғалімдердің қатысуымен “Жастар арасында суицидтің алдын-алу: себептер және шешу жолдары” атты ашық тәрбие сағаты өтті.

 Іс-шараны кафедра аға оқытушысы Л.Б. Нағиятованың жетекшілігімен ШТ және АІ топтарының 1 курс магистранттары ұйымдастырды. Студенттер өз баяндамаларында жастар арасындағы өзекті мәселелерді талқылап, суицидтің алдын алу жолдарын ұсынды. Кездесу барысында қатысушылар пікір алмасып, маңызды ойлармен бөлісті. Іс-шара жоғары деңгейде өтті және тыңдаушыларға үлкен әсер қалдырды.