«Қазақстан – туған елім, ұлы өлкем» атты ашық тәрбие сағаты
24 қазан, 2025
25 қазан – Республика күніне орай Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті, ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақстан – туған елім, ұлы өлкем» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – жастардың бойында отансүйгіштік пен елжандылық сезімін қалыптастыру, ұлттық құндылықтар мен тарихи мұраға құрметті арттыру болды. Тыңдаушылар қабырға газетіне өз алақан іздерін қалдырып, атақонысына деген сүйіспеншіліктерін білдірді. Сонымен қатар, іс-шара әуезді күй мен бейнелеу өнері арқылы рухани бірлік пен ұлттық рухты дәріптеді.
Бұл тағылымды тәрбие сағаты жастарды ел игілігі жолында адал еңбек етуге, бейбітшілік пен бірлікті сақтауға үндеді.
Басқа жаңалықтар
28 қазан, 2025