«Егемендік Декларациясы – еліміздің берік тұғыры» атты дөңгелек үстелFarabi University

«Егемендік Декларациясы – еліміздің берік тұғыры» атты дөңгелек үстел

24 қазан, 2025

Республика күніне арналған дөңгелек үстел

24 қазан 2025 жылы Республика күніне орай, өндірістік тәжірибе шеңберінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушылары Кудерина Айжан Нұрхамитқызы, Айтенова Альфия Аманжолқызы, Құдайбергенов Серғазы Ережепұлы және 1 және 2 курс мәдениеттану мамандығының студенттері Алматы қаласы музейлер бірлестігінде өткен
«Егемендік Декларациясы – еліміздің берік тұғыры» атты дөңгелек үстелге қатысты.

🔹 Іс-шара барысында студенттер Қазақстанның егемендікке қол жеткізу жолы, «Егемендік Декларациясының» тарихи және мәдени маңызы туралы мазмұнды ойларымен бөлісті.
🔹 Талқылау барысында егемендік ұғымының қазіргі қоғамдағы рухани және мәдени мәні кеңінен қарастырылды.
🔹 Шара жас ұрпақтың ел тарихына деген құрметін арттырып, тәуелсіздік құндылығын терең ұғынуға мүмкіндік берді.

💫 Егемен елдің болашағы – білімді де мәдениетті жастардың қолында!