- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Қаржылық жоспарлаудың құқықтық негіздері мен кезеңдері» тақырыбында ашық сабақ
«Қаржылық жоспарлаудың құқықтық негіздері мен кезеңдері» тақырыбында ашық сабақ
2025 жылғы 15 қазан күні кеден, қаржы және экологиялық құқық қафедрасының аға оқытушысы С.М.Жапаков 208 топ студенттерімен ТДМ 4 САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ: Ашық сабақ :Қаржылық жоспарлаудың құқықтық негіздері және сатылары тақырыбында өткізілді. Іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарының №4 — Барлығын қамтитын және әділ сапалы білім беруді және өмір бойы білім алу мүмкіндігін ынталандыруды қамтамасыз ету.
Сабақтың мақсаты — студенттерді қаржылық жоспарлаудың негізгі кезеңдерімен таныстыру, қаржы құқығының теориялық және практикалық негіздерін ашу және қаржылық кезеңнің маңыздылығын түсіндіру болды. Ашық сабақа кафедра меңгерушісі, з,ғ,д,. профессор Г.А. Қуаналиева, аға оқытушы К.А. Бахманова және оқытушы М.С. Құрманжан қатысып, күрделі мәселелерді түсіндіруде және белсенді пікірталастар жүргізуде құнды үлес қосты.
Сабақ барысында оқытушы жоспарлау кезеңдерін егжей-тегжейлі түсіндіріп, қаржы құқығының маңызын көрнекі мысалдар арқылы көрсетті, сондай-ақ теория мен практиканы байланыстыратын түрлі тапсырмалар берді. Студенттердің топтық жұмыс арқылы белсенді қатысуына ерекше назар аударылды, бұл материалды терең түсінуге мүмкіндік берді.
Ашық сабақ соңында кафедра меңгерушісі,з.ғ.д,. профессор Г.А. Қуаналиева сабақтың ұйымдастырылу деңгейін жоғары бағалап, тақырыптың студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудағы маңыздылығын атап өтті және заманауи әлемде қаржылық сауаттылықтың мәні туралы ойларымен бөлісті.
Бұл сабақ студенттерге қаржы құқығының мәнін, негізгі қағидаларын, қаржы құқығы мен қаржылық кезең арасындағы айырмашылықтарды меңгеруге мүмкіндік берді. Теориялық білім практикалық тапсырмалар арқылы бекітіліп, қаржы құқығы саласындағы негізгі түсініктерді қалыптастыруға септігін тигізді. Мұндай тәсіл жастарда қаржыны тиімді басқару дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі және тұрақты дамудың негізгі факторы болып табылатын үздіксіз білім алу идеясын қолдайды. Бұл сабақ әрбір қатысушының сенімді және қаржылық сауатты болашағына маңызды қадам болды.