Бірлік пен келісім – ел болашағының кепілі
2025 жылғы 22 қазанда Заң факультетінің, Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының ұйымдастыруымен 25 қазан – Республика күніне арналған
«Бірлік пен келісім – ел болашағының кепілі» атты мазмұнды мерекелік іс-шара өтті. Шараның басты мақсаты – студенттердің отансүйгіштік сезімін арттыру, ел бірлігі мен қоғамдық келісімнің маңызын ұғындыру, сондай-ақ ұлттық құндылықтар мен рухани мұраларды дәріптеу болды. Мерекелік бағдарлама аясында студенттер көркемсөз оқып, патриоттық әндер орындап, күй тартып, сахналық көріністер арқылы ел тарихы мен бірліктің қадірін көрерменге әсерлі жеткізді.
Залда көтеріңкі мерекелік көңіл-күй орнап, студенттердің өнері мен шығармашылық белсенділігі көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Іс-шара барысында заң факультетінің басшылығы мен кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі Г.А. Куаналиева
қатысушыларды Республика күнімен құттықтап, ел бірлігі мен ынтымағын сақтау – әрбір қазақстандықтың борышы екенін атап өтті. Мерекелік іс-шараға белсене қатысып, шығармашылық қабілеттерін көрсеткен белсенді студенттер алғыс хаттармен марапатталды. Жалпы, іс-шара жоғары деңгейде, мазмұнды және тәрбиелік мәні зор түрде өтті. Ол студенттер мен ұстаздарға патриоттық рух пен елжандылық сезімін сыйлап,
Республика күні мерекесінің мәнін тереңінен ұғынуға мүмкіндік берді.