🌿 ТДМ 12 және 13: Жауапты тұтыну және климаттың өзгеруіне қарсы күрес Farabi University

🌿 ТДМ 12 және 13: Жауапты тұтыну және климаттың өзгеруіне қарсы күрес 

24 қазан, 2025

ТДМ 12 «Саналы тұтыну және өндіріс» және ЦУР 13 «Климаттың өзгерісімен күрес» аясында заң ғылымдарының докторы, профессор, Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы меңгерушісі Баймаханова Д.М. 114-топ студенттерімен бірге экологиялық акцияға «Таза Қазақстан» қатысты. ♻️

Акцияның мақсаты — экологиялық сананы қалыптастыру, ресурстарды үнемді пайдалану және табиғатты қорғауда әр адамның жеке жауапкершілігін арттыру.

📌 Акция барысында студенттер:

  • макулатура жинап, саналы тұтыну қағидаларын тәжірибеде көрсетті;

  • қалдықтарды азайту, қайта өңдеу және қайта пайдалану маңызын талқылады;

  • әр адамның кішкентай әрекеті арқылы таза және тұрақты қоршаған ортаны сақтау мүмкін екенін түсінді. 🌱

💡 Кішкентай қадамдар — үлкен өзгерістерге апарады! Қатысушылар атап өткеніндей, ресурстар мен табиғатты саналы пайдалану — еліміз бен планетамыздың болашағына үлес қосу.

✨ Студенттердің экологиялық бастамалары тек экологиялық ойлау мен азаматтық жауапкершілікті дамытуға ғана емес, басқаларды тұрақты және таза болашақ үшін әрекет жасауға шабыттандырады.

Келіңіздер, табиғатты бірге сақтайық, сол арқылы Қазақстанымызды таза, жасыл және гүлденген елге айналдырайық! 💚

"Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық" кафедрасы