ТДМ - 12 «Жауапты тұтыну және өндіріс» ТДМ - 4 «Сапалы білім беру»
2025 жылғы 21 қазанда ТДМ-12 «Жауапты тұтыну және өндіріс» және ТДМ 4 «Сапалы білім беру» аясында 90 жылдан астам тарихы бар Шәкен Айманов атындағы әйгілі «Қазақфильм» киностудиясына студенттердің экскурсиясы өтті.
Іс - шараны ұйымдастырушы – кафедра доценті Культемирова Л.Т.
«Қазақфильм» - отандық кинематографтың орталығы, оның негізінде Қазақстан мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосқан ондаған фильмдер жасалды. Бүгінде мұнда түрлі форматтағы және жанрдағы жобалар іске асырылуда.
Экскурсия барысында балалар телевизиялық өндіріс процесімен танысып, танымал ойын-сауық бағдарламаларының бірінің түсірілімін тамашалады. Олар сапалы медиа-контент құрудың негізінде жатқан топтық жұмыс принциптері мен кәсіби этика туралы білді.
Іс-шара шоу-бағдарламалар индустриясы жоғары жауапкершілікті, үйлесімділікті және аудиторияны құрметтеуді талап ететінін атап өтті. Кәсібилік, жауапкершілік және этика кез – келген саладағы-медиадан бастап құқыққа дейінгі табысты қызметтің мызғымас негізі болып қала береді.
"Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық" кафедрасы