🌎 «Таза Қазақстан» — таза болашаққа бастар жол! 💚Farabi University

🌎 «Таза Қазақстан» — таза болашаққа бастар жол! 💚

25 қыркүйек, 2025

25.09.2025 ж. күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Заң факультетінің 1-курс ҚТ-108 тобының студенттері, кураторы Еркеназ Базартайқызының жетекшілігімен, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік өткізді. 🌿

📍 Іс-шараның басты мақсаты — жастардың табиғатқа жанашырлық танытуын, экологиялық мәдениетін және жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ таза әрі жайлы қоршаған ортаны қалыптастыруға өз үлесін қосу болды.

🧹 Студенттер аумақты тазалап, жиналған жапырақтар мен қоқыстарды сұрыптап, экологиялық сенбіліктің маңыздылығын іс жүзінде көрсетті. Мұндай игі бастамалар жастардың азаматтық белсенділігін, ұжымдық жауапкершілігін және табиғатқа деген сүйіспеншілігін қалыптастырады.

✨ «Таза Қазақстан» акциясы — бұл тек тазалық шарасы ғана емес, экологиялық мәдениет пен әлеуметтік жауапкершіліктің айқын көрінісі.
Мұндай іс-шаралар студенттерді қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға, экологиялық тұрақтылық идеясын өмір салтына айналдыруға шабыттандырады.

Бірге таза Қазақстанды құрайық! 💚

"Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық" кафедрасы