- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Қазіргі қазақстандық проза: жетекші үрдістер, жаңа есімдер, зерттеу келешегі» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
«Қазіргі қазақстандық проза: жетекші үрдістер, жаңа есімдер, зерттеу келешегі» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
2025 жылғы 23 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінің орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасында «Қазіргі қазақстандық проза: жетекші үрдістер, жаңа есімдер, зерттеу келешегі» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шара ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің гранттық қаржыландыруы аясындағы АР19679652 «Қазіргі заманғы қазақстандық орыс прозасы: жетекші трендтер, жанрология, сюжеттік құрылым, кейіпкер» жобасы бойынша ұйымдастырылды.

Пленарлық мәжіліс барысында қатысушылар қазіргі қазақстандық прозаның жағдайы, оның жанрлық алуантүрлілігі, көркемдік бағыттары, әдеби үдерістің жаңғыруы мен ұлттық бірегейлік мәселелері талқыланды. Мәжілісті PhD докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор Алёна Сергеевна Демченко және филология ғылымдарының кандидаты, доцент, конференцияның жауапты хатшысы Энкар Толымханқызы Какилбаева жүргізді.

Қатысушыларға филология ғылымдарының докторы, РУДН университетінің профессоры, «Полилингвиалдық және трансмәдени тәжірибе» журналының бас редакторы (Ресей) Улданай Мақсұтқызы Бахтикиреева; филология ғылымдарының докторы, М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының профессоры Татьяна Васильевна Кривощапова; PhD докторы, Сельджук университетінің оқытушысы (Түркия) Зейне Скендірқызы Оразбекова; филология ғылымдарының кандидаты, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының халықаралық байланыстар және әлем әдебиеті бөлімінің меңгерушісі Светлана Викторовна Ананьева құттықтау сөз сөйледі.
Конференцияда қазіргі қазақстандық жазушылардың баяндамалары ерекше қызығушылық тудырды. Олардың қатарында Алматы қаласындағы «ОЛША» (Әдебиетшілер мен қызметкерлер бірлестігі) ұйымының негізін қалаушылардың бірі Юрий Серебрянский және жазушы, журналист, практик психолог әрі танымал «Мед и немного полыни» телеграм-арнасының авторы Мария Омар болды.
Бұл конференция жазушыларды, зерттеушілерді, оқытушылар мен докторанттарды біріктіріп, филология факультетінің ғылыми және мәдени өміріндегі маңызды оқиғаға айналды.