«РЕСПУБЛИКА КҮНІ – ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ ЕРКІНДІГІ МЕН БІРЛІГІНІҢ НЫШАНЫ» атты кураторлық сағатыFarabi University

«РЕСПУБЛИКА КҮНІ – ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ ЕРКІНДІГІ МЕН БІРЛІГІНІҢ НЫШАНЫ» атты кураторлық сағаты

27 қазан, 2025

2025 жылы 24 қазанда «Республика күні» мерекесіне орай ботаника және агроэкология кафедрасында куратор-эдвайзер А.Ж. Чилдибаева «6B05102 - Биология» (25-15, 25-16) мамандығының 1-ші курс студенттерімен  «Республика күні – Егемен елдің еркіндігі мен бірлігінің нышаны» атты ашық кураторлық сағатын өткізді.

Қазіргі таңда Қазақстанның ең маңызды ұлттық мерекелерінің бірі – Республика күні. Ұлттық мереке – ел мен жердің қадірін ұқтыратын, ұрпақ санасына рух пен намыс ұялататын ерекше күн. Әр халықтың өзіне тән тарихы, мәдениеті, рухани құндылықтары және ұлт болып ұйысуына себеп болған қасиетті белестері бар. Сол тарихи кезеңдерді ұлықтау, өткенге тағзым ету – елдіктің, Отансүйгіштіктің, рухани жаңғырудың белгісі. Осы тұрғыдан алғанда ұлттық мереке – ұлы күн, өйткені ол ұлттың бірлігін, мемлекетіміздің тәуелсіздігін, рухының биіктігін паш етеді.

Студенттер әрбір Қазақстандықтың ел тағдырына жауапкершілікпен қарауының, азаматтық сана мен ұлттық бірліктің нышаны екендігін, сонымен қатар Республика күні мен Тәуелсіздік күні – тек өткенді еске алу емес, болашаққа сеніммен қарау, елдің дамуына үлес қосуға шақыратын ұлы күндер екендігі туралы ой түйді.

Ашық кураторлық сабақта студенттер еліміздің егемендігіне арналған өлеңдерін оқып, білімдерін викториналық сұрақтармен ұштастырды, кураторлық сағаттың соңында Әнұранды орындап елімізге деген патриоттық сезімдері мен Отанға деген сүйіспеншіліктерін танытты.

Куратор-эдвайзер: ботаника және агроэкология кафедрасының доцент м.а., Ph.D. Чилдибаева А.Ж.

 

Ботаника және агроэкология кафедрасы