Профессор Абралиев О.А. 2025 жылдың қыркүйек айының 17 жұлдызында 6В04101-мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығының 4 курс студенттерімен БҰҰ Тұрақты даму мақсаттары тақырыбындағы: "Сапалы білім" берудің жүйесін талқылады.Farabi University

Профессор Абралиев О.А. 2025 жылдың қыркүйек айының 17 жұлдызында 6В04101-мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығының 4 курс студенттерімен БҰҰ Тұрақты даму мақсаттары тақырыбындағы: "Сапалы білім" берудің жүйесін талқылады.

17 қыркүйек, 2025

Жаhандану кезеңінде жасанды интеллект пен цифрлы технология  өте тез дамуда. Қазақстан Республикасының мақсаты дамыған 30 елдің қатарына 2050 жылы қосылу. Бәсекеге қабілетті  және сұранысқа ие болатын мамандардың біліміне қойылатын талап жоғарлап отыр. Мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісінде және экономиканы цифрландыру заманында бізге кәсіби білікті, озық ойлы және бәсекеге қабілетті мамандар аса қажет.  Сапалы білім дегеніміз адамның іс жүзінде саналы түрде қолданатын, оның байланыстарын түсінетін, әртүрлі жағдайларда қолдана алатын берік, терең және жүйелі білім. Білімді әртүрлі контексттерде қолдануға мүмкіндік беретін күшпен, жүйелілікпен, хабардарлықпен, тиімділікпен, икемділікпен және білімді жетілдіруге деген ұмтылыс.