"Тәуелсіздік күнінде-Тәуелсіз жастар"Farabi University

"Тәуелсіздік күнінде-Тәуелсіз жастар"

24 қазан, 2025

 

Сүлейман Демирел атындағы мектеп-интернатында «Тәуелсіздік күнінде – тәуелсіз жастар» атты танымдық шара өтті. Іс-шараға 10-11 сынып оқушылары қатысты.

Шараны практика жетекшісі – филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Балтымова М.Р., отандық жетекші – философия ғылымдарының кандидаты, доцент, қауымдастырылған профессор Мейрбаев Б.Б. және мәдениеттану мамандығының 2-курс докторанты Бөкеш Т.Б. бірлесе ұйымдастырды.

Бағдарлама бірнеше бөлімнен тұрды: көрме, белсенді акция және ғылыми конференция секциялары өткізілді. Оқушылар барлық бөлімдерге белсенді қатысты.

Шараны ұйымдастыруға бастамашы болған – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 2-курс докторанты Бөкеш Толғанай.