- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Қоғамдық-саяси процестер және қазіргі Қазақстан жастарының рөлі» тақырыбында студенттермен кездесу
«Қоғамдық-саяси процестер және қазіргі Қазақстан жастарының рөлі» тақырыбында студенттермен кездесу
2025 жылы 23 қазан күні Философия және саясаттану факультетінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің факультет түлегі, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының Стратегиялық талдау бөлімінің басшысы Берікбаев Елнар Ғалымжанұлы студенттермен «Қоғамдық-саяси процестер және қазіргі Қазақстан жастарының рөлі» тақырыбында студенттермен кездесу өтті.
Кездесу барысында Елнар Ғалымжанұлы еліміздің стратегиялық даму басымдықтары, мемлекеттік саясаттағы талдау мен болжаудың рөлі, жаһандану жағдайында ұлттық мүдде мен мәдени құндылықтарды сақтау мәселелері жөнінде ой бөлісті. Сондай-ақ, жастардың стратегиялық ойлау қабілетін дамыту мен олардың қоғамдағы белсенділігін арттыруға практикалық кеңестерін айтты.
Студенттер белсенді сұрақтар қойып, өздерін қызықтырған тақырыптар бойынша пікір алмасу мүмкіндігіне ие болды. Елнар Ғалымжанұлы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де алған білім мен тәжірибесі кәсіби жолында үлкен рөл атқарғанын ерекше атап өтті. Бұл кездесу жастарға білім мен тәжірибені үйлестіріп, ой-өрісін кеңейтуге шабыт беретін маңызды кездесу болды.
Басқа жаңалықтар