«Сапалы білім беру» атты дөңгелек үстел
2025 жылдың қазанның 24 жұлдызында шетел тілдері кафедрасының оқытушылары А.А. Джанузакова мен Ә.К. Шаяхмет университеттің Біріккен Ұлттар Ұйымымен ынтымақтастық және тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу жобасын жүзеге асыру аясында Қазақстан Республикасының Күніне арнап, «Сапалы білім беру» атты дөңгелек үстел басында талқылас өткізді.

Ағылшын тілінде өткізілген іс-шараға шақырылған спикер ретінде белгілі америкалық ерікті, the San Francisco Bike Hut ұйымының атқарушы директоры Майкл Клетт мырза шақырылды. Майкл Клетт мырза сапалы білім беру тақырыпқа қатысты өз пікірімен бөлісіп, сөз сөйледі. Сонымен қатар, дөңгелек үстелге белсенді қатысушылары, яғни шығыстану факультетінің бірінші курс бакалавриат студенттері өздерінің шетел құрбыларымен, мысалы, Арина Зинурова университетіміздің докторантурада оқып жатқан Қытай оқытушысы Liu Xiyao-мен ал Әділет Нақыпбек – бакалавриаттағы Shunji Takano мен Yuuei Murata Жапония студенттерімен сұхбаттасып, Қазақстан, Қытай, Жапониядығы білім беру саласын салыстырып, шағын зерттеулерінің нәтижелерін видео түрінде ұсынды. Конференцияға қатысушылар Еркежан Ерболат пен Жалғас Қадырбай Біріккен Ұлттар сапалы білім беру мақсатының Қазақстанға әсері жайында презентация көрсетіп, баяндады; Эвелина Настюкова, Виктория Федорова, Анастасия Щербашина аталған мақсатқа қатысты іс-шаралар туралы айтты, ал Алтынай Иманова мен Ерсултан Рустемов инклюзив білім берудің ерекшелілектерін көрсетті. Мадина Асилтай домбыра шертіп, Асхат Касымжанов ән салып, Алина Альмухамбетова гитара тартып, Аделина Зияшпен ән салып, Асель Адылерқызы, Сакдиана Кумарова, Алина Рахмет қазақ биін әдемілеп билеп шықты. Самира Алиаскарова іс-шарада ағылшынша еркін сөйлеп, өзін керемет жүргізуші ретінде таныстырды.

Әрбір студент тақырыпқа қатысты өзінің постерін дайындап әкеліп, қолдау көрсетті. Бірінші курс студенттері өздерін өте ұйымшыл, білімді, өнерлі адамдар ретінде таныстырды. Дөңгелек үстел қатысушылары білім беру сапасының мағынасын асыра бағалау мүмкін емес, деп қорытындады.
Басқа жаңалықтар