«Республика күні – барлық қазақстандықтар үшін ұлттық мереке» құқықтық диктант
2025 жылдың 30 қазан күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінің кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы ұйымдастырған «Республика күні – барлық қазақстандықтар үшін ұлттық мереке» тақырыбындағы құқықтық диктант «Шығыстану» факультетінің студенттерімен өткізілді.
Құқықтық диктантты кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы М.Е. Сагинаев жүргізіп, студенттерге Республика күнінің тарихи және құқықтық маңызы, еліміздің егемендікке қол жеткізу жолы, сондай-ақ қазақстандық бірегейлік пен патриотизмнің мәні туралы мазмұнды түсіндірме берді.
Диктанттың басты мақсаты - жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, отансүйгіштік рухын арттыру, және мемлекеттік мерекелердің ел өміріндегі рөлін терең ұғындыру болды.
Шығыстану факультетінің студенттері құқықтық диктантқа белсенді қатысып, өздерінің білімін, азаматтық көзқарасын және елге деген сүйіспеншілігін көрсетті.
Құқықтық диктанттың соңында қатысушылар мемлекеттік рәміздер мен тәуелсіздік құндылықтарының маңыздылығы жөнінде ой бөлісіп, естелік суретке түсіп, мерекелік көңіл-күймен тарасты.