Республика күні – барлық қазақстандықтар үшін ұлттық мереке
2025 жылдың 30 қазан күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультеті, кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының ұйымдастыруымен «Республика күні – барлық қазақстандықтар үшін ұлттық мереке» тақырыбында құқықтық диктант өткізілді.
Іс-шараны осы кафедраның аға оқытушысы Бакиров Дархан Әбдіманапұлы жүргізді. Құқықтық диктантқа химия және химиялық технологиялар факультетінің студенттері қатысты.
Құқықтық диктанттың негізгі мақсаты – Республика күні мен Қазақстан Республикасының егемендігінің 35 жылдығына орай студенттердің құқықтық мәдениетін арттыру, азаматтық сана мен отансүйгіштік рухты қалыптастыру, сондай-ақ жастардың құқықтық білімін жетілдіру және мемлекеттік мерекенің мәні мен маңызын терең түсіндіру болып табылады.
Құқықтық диктантқа аталған факультеттің 35 студенті қатысып, белсенділік танытты. Диктант аяқталған соң студенттер өздерінің әсерлерімен және патриоттық сезімдерімен бөлісіп, еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігінің маңыздылығын тағы бір мәрте сезінді.