Республика күні – барлық қазақстандықтар үшін ұлттық мереке
Бүгін 30.10.2025 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде заң факультеті, кеден қаржы және экологиялық құқық кафедрасының ұйымдастырумен география және табиғатты пайдалану факультетінің студенттеріне «Республика күні – барлық қазақстандықтар үшін ұлттық мереке» тақырыбында құқықтық диктант оқылды. Аталған құқықтық диктант мақсаты - Республика күні мен Қазақстан Республикасының егемендігінің 35 жылдығына орай студенттердің құқықтық мәдениетін арттыру, азаматтық сана мен отансүйгіштік рухты қалыптастыру, жастардың құқықтық білімін жетілдіру және мемлекеттік мерекенің мәні мен маңызын терең түсіндіру болып табылады.
Құқықтық диктантты кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының кандидаты Г.Т. Айгаринова оқыды. Студенттер жазып болған соң, мазмұнын санаға дарыту мақсатында, студенттерден осы диктантты жазу барысында, қандай әсер алғанын талқылады.
Студенттер өз әсерлерімен бөлісіп, патриоттық рухтарын дәріптеді.