«Республика күні – барлық қазақстандықтар үшін ұлттық мереке» тақырыбында құқықтық диктантFarabi University

«Республика күні – барлық қазақстандықтар үшін ұлттық мереке» тақырыбында құқықтық диктант

30 қазан, 2025

2025 жылдың 30 қазанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Республика күні мен ҚР Егемендігінің 35 жылдығына орай «Республика күні – барлық қазақстандықтар үшін ұлттық мереке» тақырыбында құқықтық диктант өтті. Іс-шараның мақсаты: студенттердің құқықтық мәдениетін арттыру, отансүйгіштік рухты қалыптастыру, жас буынның құқықтық білімін жетілдіру және мемлекеттік мерекенің мәні мен маңызын терең түсіндіру. Диктантқа философия және саясаттану факультетінің 2–3 курс студенттері де қатысып, Республика күнінің тарихи және құқықтық мәні жайлы мағлұмат алды. Заң факультетінің Азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы кафедрасының доценті м.а.,  PhD докторы Ж.Б. Умбетбаева жастарға отансүйгіштік пен азаматтық жауапкершілік туралы маңызды түсініктер берді. Шара соңында студенттер өз ойларымен бөлісіп, естелік суретке түсті.