31.10.2025ж ГиМУ 4-курс студенттерінің қатысуымен «Қалаларды тұрақты дамыту: Жастардың көзқарасы» атты дөңгелек үстел өтті.Farabi University

31.10.2025ж ГиМУ 4-курс студенттерінің қатысуымен «Қалаларды тұрақты дамыту: Жастардың көзқарасы» атты дөңгелек үстел өтті.

31 қазан, 2025

31.10.2025ж ГиМУ 4-курс студенттерінің қатысуымен «Қалаларды тұрақты дамыту: Жастардың көзқарасы» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты – жастардың тұрақты қала дамуы мәселелеріне қатысты көзқарастарын, ұсыныстарын талқылау және жаңа идеяларды ортаға салу болды. Студенттер урбанизация, экологиялық тұрақтылық, жасыл экономика және қала инфрақұрылымын жетілдіру тақырыптарында өз ойларымен бөлісті. Сондай-ақ, қатысушылар әлемдік тәжірибелерді мысалға ала отырып, Қазақстан қалаларының даму бағыттарын қарастырды. Дөңгелек үстел пікір алмасуға, сыни ойлауды дамытуға және экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталды. Іс-шара соңында студенттер тұрақты даму мақсаттарына үлес қосу жолдарын айқындап, бірлескен жобалар бастамасын ұсынды. Осындай кездесулер болашақ мамандардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға ықпал етеді.Ұйымдастырушы: Боранбай Асел Асылбекқызы