🎓 «Құқықтық диктант – 2025» Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де өткізілді! ⚖️
🎓 «Құқықтық диктант – 2025» Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де өткізілді! ⚖️
30 қазан 2025 жылы еліміздегі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру және құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында дәстүрлі «Құқықтық диктант – 2025» республикалық акциясы өтті.
Аталған іс-шара Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылып, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жоғары деңгейде өткізілді.
Бұл маңызды іс-шараға Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің студенттері белсене қатысты. Диктантты Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының аға оқытушысы – Тәуекелов Нұрлыбек Бақытбекұлы жүргізді.
📚 Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқыққа құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру және азаматтық жауапкершілікті күшейту.
Бүгінгі қоғамда заңды білу – әрбір азаматтың өмірінде аса маңызды. Осындай шаралар студенттердің заң саласына деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың өз құқықтары мен міндеттерін дұрыс түсінуге, әділетті қоғам құруға белсенді қатысуына мүмкіндік береді.
Іс-шара соңында студенттер өз әсерлерімен бөлісіп, заңның рөлі мен оның қоғамдағы маңызы туралы пікір алмасты.
💬 Тәуекелов Нұрлыбек Бақытбекұлы өз сөзінде атап өтті: «Құқықтық мәдениет – дамыған қоғамның негізі. Әр азамат заңды құрметтеп, өз құқықтары мен міндеттерін терең түсінген кезде ғана мемлекетіміздің болашағы жарқын болмақ».
✨ «Құқықтық диктант – 2025» студенттерге өз білімдерін тексеруге, заң саласындағы жаңа мәліметтерді меңгеруге және құқықтық ойлау қабілеттерін дамытуға үлкен мүмкіндік берді.
Өйткені, «Заң сенен басталады!» 💪⚖️
Басқа жаңалықтар