«Асыл сөз іздесең, Абайды оқы»Farabi University

«Асыл сөз іздесең, Абайды оқы»

31 қазан, 2025

2025 жылдың 31-қазанында «Тұрақты даму мақсаттары 4» Сапалы білім жобасы аясында  «Асыл сөз іздесең, Абайды оқы» атты тақырыбында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған  дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелге кафедра оқытушылары К.А.Айсултанова , Г.К.Атабаева , Л.М. Алиярова, Е.Н.Михальченко,У.Т.Турсынбекова,А.С.Оразбаева және университетіміздің студенттері,  сондай-ақ Түркия, Қытай, Түркіменстан,Монғол,Тәжікстан  елдерінен келіп білім алып жатқан шетелдік студеннтер де қатысты. Іс-шараның ерекшелігі Абай Құнанбайұлының  өлеңдерін студенттерге жасанды интеллект көмегімен  сөйлеттіріп және оларды талқылағандығында болды.

Шетелдік студенттер, оның ішінде Түркиядан: Атеш Мюджахит, Амантур Асыл, Мухамедова Муниса, Ибадзод Хабиб ; Қытайдан: Ли Цзюньлян, Хуан Боян,Жақсыбек Алкар, Монғолиядан Уатхан Музафар,Ерболат Саяжан, Әзімбай Зейнеп, Тәжікстаннан Умронов Абдурахмон,Умронов Мухаммадджон Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін өз тілдерінде айтып беріп іс-шараның маңыздылығын арттырды.

Бұл іс-шараны өткізудегі мақсат халқымыздың дана ақыны, ғұлама ойшылы, сазгер Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен әндерінің таралуын насихаттау, бүгінгі ұрпақтарының Абай мұрасына қызығушылығын арттыру, оқып – білуге, тани түсуге ынталандыру.

Абай атамыздың қалдырған асыл мұрасын әр студенттің ой-санасына жеткізу, білім алушылардың ойлау қабілеттерін, сөйлеу тілдерін дамыту. Абай шығармалары арқылы Отан сүйгіштікке, ұлтжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Іс-шара барысында студенттер Абай шығармаларын оқу арқылы рухани және моральдық құндылықтарды талқылап, оны қазіргі қоғамда қолдану жолдарын ұсынды. Қазақстандық және шетелдік студенттер арасында қызықты пікір алмасулар мен сұхбаттар өтті, қатысушылар өз елдеріндегі әдеби және философиялық дәстүрлермен салыстырмалы талдау жасады. Әсіресе Абайдың адамгершілік, білімге құштарлық, еңбекқорлық және әділеттілік тақырыптары ерекше көтерілді.

Іс-шараның шарықтау шегі ретінде заң факультетінің студенттері мазмұнды баяндамаларымен қатар, ұлттық өнерді паш етіп, домбырада күй орындап, Абай өлеңдерін оқыды. Осындай іс-шаралар тек білім алмасу алаңы болып қана қоймай, жастардың қоғамға деген жауапкершілігін арттырып, шетелдік студенттермен ынтымақтастықта,үндестікте өмір сүруі және азаматтық ұстанымдарға ие азаматтармен тәжірибе жинауға мүмкіндік береді. Мұндай ынтымақтастық білім алушылардың  кәсіби және рухани құндылықтарын дамытуға , ой өрісін кеңейтуге үлкен ықпалын тигізеді. Іс-шара Абайдың сөзімен аяқталды: Абайды ұмытпайық, Абайды оқиық, Абайды үлгі тұтайық!