«Қазақстанның шөлейттенуі және табиғи қауіптер: экологиялық жауапкершілік жолында»Farabi University

«Қазақстанның шөлейттенуі және табиғи қауіптер: экологиялық жауапкершілік жолында»

1 қараша, 2025

ББ 23-03 тобы эдвайзер PhD, қауымдастырылған профессор Нурмаханова Акмарал Садыковнамен бірге ТДМ 15 «Қазақстанның шөлейттенуі және табиғи қауіптері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғаудың өзекті мәселелерін талқылап, табиғи қауіптердің алдын алу жолдарын қарастыру болды.
Студенттер шөлейттенудің себептері мен салдарын, экожүйелерге тигізетін әсерін және климаттық өзгерістердің ықпалын жан-жақты талдады. Сонымен қатар, экологиялық мәдениетті арттыру мен табиғатты ұтымды пайдалану жөнінде түрлі идеялар ұсынылды.
Осындай кездесулер студенттердің экологиялық ой-санасын қалыптастырып, табиғатқа деген жауапкершілік сезімін арттырады.

Ботаника және агроэкология кафедрасы