Қазақ халқының дәстүрлі өнерін насихаттауға бағытталған танымдық шара өтті
2025 жылы 31 қазанда Дінтану және мәдениеттану кафедрасы Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығында «Сапалы білім беру» және «Индустрияландыру, инновация және инфрақұрылым» тұрақты даму мақсаттары аясында «Дәстүрлі өнер және цифрлық мәдениет» атты танымдық шара өткізді.
Іс-шара барысында қатысушылар 3D голограмма арқылы әйгілі әндер мен күйлерді тыңдап, қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрін мультимедиялық бейнематериалдар арқылы тамашалады. Орталықтың мультимедиялық залында заманауи технологиялардың көмегімен қазақ халқының сан ғасырлық тарихы, көшпелі өмір салты мен дәстүрлі өнері интерактивті форматта көрсетілді.
Шараның басты мақсаты – ұлттық музыкалық мұра мен дәстүрлі өнерді заманауи тәсілдер арқылы кеңінен дәріптеу, жастардың мәдени танымын арттыру және цифрлық ортада құндылықтарды насихаттаудың тиімді тетіктерін көрсету.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: ф.ғ.к. қауымдастырылған профессор Балтымова М.Р., PhD Каупенбаева С.М., 2-курс докторанты Жұбанышов А.Ш.