Президент бастамасы – жаңа білім дәуіріне қадам: «Қазақстан – академиялық білім аймағы» форумы ел болашағы үшін маңызды бағыттарды айқындадыFarabi University

Президент бастамасы – жаңа білім дәуіріне қадам: «Қазақстан – академиялық білім аймағы» форумы ел болашағы үшін маңызды бағыттарды айқындады

31 қазан, 2025

 

Қазақстан Республикасының Президенті қатысқан «Қазақстан – академиялық білім аймағы» форумы еліміздің жоғары білім жүйесін жаңғырту мен академиялық еркіндікті кеңейтуге бағытталған тарихи бастама болды. Форум аясында Мемлекет басшысы қазіргі жаһандық білім кеңістігінде отандық ғылым мен жоғары оқу орындарының рөлі туралы маңызды ойлар айтты.

Президент атап өткендей, қазақстандық білім жүйесі халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті болуы үшін, академиялық сапаны арттыру, университеттердің дербестігін күшейту және ғылыми зерттеулердің нәтижесін нақты экономикаға бағыттау қажет. Бұл бастама жастардың зияткерлік әлеуетін көтеріп қана қоймай, елдің инновациялық дамуына да серпін бермек.

Бүгінде Қазақстан жоғары оқу орындары аймақтық және жаһандық ғылыми желілерге белсенді қосылып, халықаралық серіктестік пен академиялық ұтқырлыққа жол ашуда. «Академиялық білім аймағы» идеясы — еліміздің білім беру экожүйесін жаңа деңгейге көтеретін стратегиялық қадам.

Бұл бастамаға сарапшылар, ғылыми қауымдастық, профессорлық-оқытушылық құрам және жастар ұйымдары үлкен қызығушылық танытып отыр. Олар Президенттің білім сапасын арттыруға бағытталған ұстанымын қолдап, өз пікірлерімен және тәжірибелерімен бөлісуде.

Әлеуметтік желілерде белсенді пікір алмасу — қоғамның білімге деген жаңаша көзқарасын қалыптастырудың маңызды тетігі. Әрбір ұстаз, ғалым, жас зерттеуші мен студент бұл бастаманы қолдап, өз үлесін қосуы – ел дамуының кепілі.

Мақала авторлары: практика жетекшісі – филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Балтымова М.Р., отандық жетекші – философия ғылымдарының кандидаты, доцент, қауымдастырылған профессор Мейрбаев Б.Б., мәдениеттану мамандығының 2-курс докторанты Бөкеш Т.Б.