- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан – академиялық білім аймағы» форумындағы баяндамасы: білім мен ғылым дамуының жаңа бағыты
Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан – академиялық білім аймағы» форумындағы баяндамасы: білім мен ғылым дамуының жаңа бағыты
2025 жылыдың 31 қазанында Астанада өткен «Қазақстан – академиялық білім аймағы» халықаралық стратегиялық серіктестер форумы еліміздің жоғары білім мен ғылым саласындағы жаңа бетбұрысын айқындаған маңызды оқиға болды. Форумға әлемнің жетекші университеттерінің ректорлары, халықаралық аккредиттеу агенттіктерінің өкілдері мен ғалымдары қатысып, жаһандық білім беру үдерістеріндегі өзекті мәселелер талқыланды. Мемлекет басшысының форумдағы баяндамасы білім мен ғылымды ел дамуының стратегиялық басымдығы ретінде айқындап берді. Президенттің айтуы бойынша, «Білім мен ғылым – әлемді өзгерте алатын ең басты күш».
- Білімге тең қолжетімділік – әлеуметтік әділеттіліктің негізі
Тоқаевтың баяндамасында ерекше назар аударылған бағыттардың бірі – сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету. Президент атап өткендей, білім тек ірі қалалар мен элиталық университеттерге тән артықшылық болмауы тиіс, ол әрбір азаматтың өмірлік мүмкіндігіне айналуы қажет.
- Жас ғалымдарды қолдау – интеллектуалдық әлеуетті жаңарту кепілі
Мемлекет басшысы ғылымның дамуындағы басты міндеттердің бірі ретінде жас ғалымдарға институционалдық және қаржылық қолдау көрсетуді атады. Бұл – елдің ғылыми кадрлық әлеуетін сақтап қалу мен жаңа буын зерттеушілерін қалыптастыруға бағытталған стратегиялық шешім.
- Академиялық еркіндік пен халықаралық серіктестік – сапалы жоғары білімнің кепілі
Президент өз сөзінде жоғары оқу орындарының академиялық еркіндігін кеңейту мен халықаралық интеграцияны тереңдетудің маңыздылығын атап өтті. Бүгінде әлемдік білім кеңістігі тез өзгеріп келеді, ал осы өзгерістер дер кезінде бейімделу Қазақстан университеттерінің сапалық жаңғыруына жол ашады.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың форумдағы баяндамасы Қазақстанның білім және ғылым саясатына жаңа серпін берді. Білімге тең қолжетімділік, жас ғалымдарға қолдау және академиялық еркіндік – бұл тек білім беру саласының міндеттері ғана емес, елдің интеллектуалдық және экономикалық дамуының басты шарттары.
Бүгінгі таңда Қазақстанның алдында тұрған стратегиялық мақсат – білім мен ғылымды ұлттың негізгі капиталы ретінде дамыту. Бұл бағытта Президенттің бастамалары елдің жаңғыру идеясын нақты мазмұнмен толықтырды және Қазақстанды зияткерлік ұлт ретінде қалыптастырудың берік негізін қалады.
Дінтану және мәдениеттану кафедрасының 1 курс докторанты С.Т.Назбекова
Басқа жаңалықтар