Қазақстан – академиялық білім аймағы» форумы: білім-ғылымдағы жаңа кезең
Астана қаласында 2025 жылдың 31 қазанында өткен «Қазақстан –академиялық білім аймағы» стратегиялық серіктестер форумы еліміздің білім мен ғылым саласындағы жаңа мүмкіндіктерге жол ашқан маңызды оқиға болды. Форум аясында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғылым мен білімнің шекараны танымайтын, барлық ел үшін ортақ стратегиялық бағдар екенін атап өтті. Жиынның мәні Қазақстанды халықаралық академиялық жүйеге белсенді енгізу сондай-ақ жоғары оқу орындарының беделін арттыру, зерттеу-инновациялық әлеуетін күшейту, әрі өңірлік білім орталығына айналдыру.
Білім мен ғылымды жаһандық деңгейде тану
Мемлекет басшысы білім мен ғылым саласы «ешқандай шекараға бағынбайтын, барлық ел үшін ортақ стратегиялық сала» екенін атап өткендегі бұл тұжырымның мәні еліміздің сыртқы серіктестікті күшейтіп, білім мен ғылым саласында халықаралық интеграцияны тереңдету бағытын білдіреді.
Жоғары білімнің қолжетімділігі мен сапасын арттыру
Форумда мынадай нақты деректер келтірілді:
- Елде жоғары оқу орындарының дербестігі артып, «зерттеу университеттері» санаты күшейтілуде.
- Жоғары білімнің барша азаматқа қолжетімді болуы негізгі мақсат ретінде белгіленді.
- Білім беру бағдарламаларын жаңарту, ағылшын, орыс, қытай тілдерінде оқыту, шетелдік университет филиалдарын ашу арқылы көптілділікті дамыту маңызды аяқталған бағыттардың бірі.
3. Халықаралық академиялық серіктестік
Қазақстан әлемнің 40-тан астам жетекші университетімен әріптестік орнату бағытында жұмыс жүргізіп отыр. Қазіргі таңда елімізде шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары ашылып, оқу бағдарламалары көп тілде ұсынылуда. Халықаралық рейтингтерге шығу еліміздің жоғары оқу орындарының беделін көтерудің маңызды көрсеткіші. Мысалы, 5 университеттің әлемдегі үздік оқу Форумда айтылған бағыттар өте маңызды болғанымен, оларды іске асыруда мынандай мәселелерге ерекше мән беру қажет:
«Қазақстан – академиялық білім аймағы» форумы еліміздің білім-ғылым саласында жаңа кезеңнің басталғанын білдіреді. Мемлекет басшысының сөзінен көрініп тұрғандай, білім мен ғылым тек ішкі даму мәселесі ғана емес, әлемдік бәсекеге қабілеттіліктің, тұрақты экономикалық өсімнің және мәдени диалогтың маңызды элементі. Ендігі біздің өскелең ұрпақтың міндеті осы мақсаттар мен жоспарларды нақты әрі айқын іс-әрекетке айналдыру. Жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтар, мемлекет пен жеке сектор бәрі біріге отыра, Қазақстанның білім беру жүйесін жаңғыртатын, зерттеу әлеуетін күшейтетін нақты жобаларды іске асыруы тиіс. Осылайша Қазақстан білім мен ғылым арқылы әділетті, таза, қауіпсіз және күштi мемлекетке айналу жолындағы жолын жалғастырады.
Басқа жаңалықтар