📚 Ынтымақтастық арқылы тәжірибе: студенттер мен ЭҚД мамандары бірге!
Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп 6В12301 – «Құқық қорғау қызметі» және 6В04205 – «Құқықтану» білім беру бағдарламаларының студенттеріне тәжірибелік сабақтар өткізді.
🔍 Сабақ барысында ЭҚД мамандары болашақ заңгерлер мен құқық қорғау органдары қызметкерлерімен экономикалық қылмыстарды тергеу тәжірибесімен бөлісіп, дәлелдемелерді талдаудың заманауи әдістерін және жедел іс-шараларды жүргізу тактикасын көрсетті.
🤝 Іс-шараға «Шапағат» студенттік волонтёрлік клубының мүшелері де белсенді қатысты.
🎯 Бұл іс-шара тәжірибе бағытталған оқытуды нығайтуға және Тұрақты даму мақсаты №8 — «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» жүзеге асыруға бағытталған. Ол студенттердің кәсіби дағдыларын дамытып, елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен тұрақты дамуға тиімді қатысуына ықпал етеді.