«Патриоттық рух пен әсем саздың мекені – Ішкі істер министрлігінің Орталық оркестрі»Farabi University

«Патриоттық рух пен әсем саздың мекені – Ішкі істер министрлігінің Орталық оркестрі»

3 қараша, 2025

2025 жылдың 3  қарашасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қылмыстық құқық және іс жүргізу, криминалистика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, заң ғылымдарының кандидаты, “Ел тұтқа” пікірталас клубының жетекшісі Тлепбергенов Орынбасардың ұйымдастыруымен «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 205 топ студенттері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Орталық оркестрімен танысты. 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Орталық оркестрі – еліміздің беделді музыкалық ұжымдарының бірі. Ол тәртіп сақшыларының мәдени өмірін насихаттау, патриоттық рухты көтеру және халық арасында Ішкі істер органдарының беделін арттыру мақсатында құрылған.

Орталық оркестрдің басты міндеті – музыкалық өнер арқылы азаматтарға рухани әсер ету, патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру. Оркестрдің репертуарында әскери және халықтық марштар, классикалық және заманауи шығармалар, сондай-ақ қазақ композиторларының туындылары бар.

Бұл оркестр тек Ішкі істер министрлігі жүйесінде ғана емес, жалпы ел көлемінде мәдени-ағартушылық қызмет атқарады. Олар мерекелік іс-шараларда, мемлекеттік деңгейдегі концерттерде, патриоттық форумдар мен қоғамдық кездесулерде өнер көрсетеді.

Ішкі істер министрлігінің Орталық оркестрі – өнер мен қызметтік тәртіпті ұштастыра білген бірегей ұжым. Музыканттар тек сахнада ғана емес, халықтың жүрегінде де елге қызмет етудің ерекше үлгісін көрсетеді.

Мұндай оркестрдің өнерін көру – жастар үшін үлкен өнеге. Ол әскери тәртіпті, ұжымдық рухты және музыкалық мәдениетті ұштастырып, тыңдаушылардың жүрегіне мақтаныш пен рух береді.