Факультет басшылығы 8-студенттер үйінің тұрғындарымен кездесті.
12 қыркүйек, 2025
12 қыркүйек күні Ақпараттық технологиялар факультетінің деканы Тимур Иманкулов, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстары жөніндегі декан орынбасары Айгерім Саметова және факультеттің аға кураторы Шона Шинасылов 8-студенттер үйінің тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында студенттерге жатақханада тұру ережелері мен ішкі тәртіп талаптары түсіндірілді. Сонымен қатар, факультет басшылығы студенттердің ұсыныстары мен сұрақтарын тыңдап, ортақ мәселелерді талқылады.
Шараның мақсаты – жатақханадағы жайлы әрі қауіпсіз өмір сүру ортасын қалыптастыру және студенттердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларына назар аудару болды.
Басқа жаңалықтар
5 желтоқсан, 2025
5 желтоқсан, 2025
5 желтоқсан, 2025