Факультет басшылығы 8-студенттер үйінің тұрғындарымен кездесті.Farabi University

Факультет басшылығы 8-студенттер үйінің тұрғындарымен кездесті.

12 қыркүйек, 2025

12 қыркүйек күні Ақпараттық технологиялар факультетінің деканы Тимур Иманкулов, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстары жөніндегі декан орынбасары Айгерім Саметова және факультеттің аға кураторы Шона Шинасылов 8-студенттер үйінің тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында студенттерге жатақханада тұру ережелері мен ішкі тәртіп талаптары түсіндірілді. Сонымен қатар, факультет басшылығы студенттердің ұсыныстары мен сұрақтарын тыңдап, ортақ мәселелерді талқылады.

Шараның мақсаты – жатақханадағы жайлы әрі қауіпсіз өмір сүру ортасын қалыптастыру және студенттердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларына назар аудару болды.