Алматыда «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасы аясында Екінші компьютерлік ғылымдар факультет декандарының форумы өттіFarabi University

Алматыда «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасы аясында Екінші компьютерлік ғылымдар факультет декандарының форумы өтті

18 қыркүйек, 2025

18 қыркүйекте Алматы қаласында «Бір белдеу, бір жол» Екінші компьютерлік ғылымдар факультет декандарының форумы табысты өтті. Іс-шараны Солтүстік-Батыс политехникалық университеті (ҚХР), әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Солтүстік-Батыс политехникалық университетінің Компьютерлік ғылымдар мектебі және ҚазҰУ базасындағы Қазақстан филиалы бірлесіп ұйымдастырды.

Форум «Бір белдеу, бір жол» бастамасын жан-жақты жүзеге асыруға бағытталған және компьютерлік ғылымдар мен жасанды интеллект салаларындағы халықаралық ынтымақтастықты тереңдетуді көздейді.

Бағдарлама аясында пленарлық баяндамалар мен дөңгелек үстелдер өтті. Онда компьютерлік ғылымдар мен жасанды интеллектті біріктіретін білім беру жобалары, жасанды интеллект дәуіріндегі оқыту әдістері және білім метаверсін қалыптастыру тақырыптары талқыланды.

Форумға Қытай, Қазақстан, Моңғолия және Гонконгтан келген жетекші ғалымдар қатысты. Олардың қатарында ҚазҰУ-дың Ақпараттық технологиялар факультетінің деканы Тимур Иманқұлов пен Жасанды интеллект және үлкен деректер кафедрасының меңгерушісі Мадина Мансурова бар.

Қатысушылар жасанды интеллект дәуіріндегі компьютерлік ғылымдардың өзекті мәселелерін, аймақтық технологиялық ынтымақтастықты және генеративті ИИ-дың білім беру саласындағы мүмкіндіктерін талқылады.