Тұрақты даму мақсаттарының №4 — «Сапалы білім беру» аясында Оралқұл Әли Саинұлы 2025 жылдың қазан айының 29 жұлдызында Орталық кітапханада жоғары білімнің маңыздылығы мен оның тұлға мен қоғамның дамуына тигізетін әсері туралы іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында студенттер, оқытушылар және жас мамандар ашық пікір алмасып, қазіргі білім берудің басты бағыттары талқыланды. Қатысушылар білім тек ақпарат көзі ғана емес, сонымен бірге сыни ойлауды, шығармашылық қабілетті, жауапкершілік пен көшбасшылық қасиеттерді дамытудың маңызды құралы екенін атап өтті. Сондай-ақ жоғары білімнің жастарға өз әлеуетін іске асыруға, қоғамдағы белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға және тұрақты дамуға үлес қосуға мүмкіндік беретіні айтылды.
Кездесу философия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент) Омирбекова Алия Омирбековнаның ғылыми жетекшілігімен өтті. Оның басшылығымен іс-шара терең мазмұнмен және ғылыми бағыттылықпен ерекшеленді.
«Білім — болашақтың кілті» атты іс-шара тек пікірталас алаңы ғана емес, білімнің құндылығы мен өмір бойы дамудың маңыздылығы туралы ой салған әсерлі кездесу болды. Бұл шара Тұрақты даму мақсаты №4 — «Сапалы білім беру» идеясын ілгерілетіп, білімнің тұрақты және саналы қоғамның негізі екенін көрсетті.

Басқа жаңалықтар