2025 жылғы ең үздік мамандық – балалар көзімен
Сүлейман Демирел атындағы мектеп-интернатында «2025 жылғы ең үздік маман – балалар көзімен» атты шығармашылық сайыс өтті. Оған оқушылар өз армандарындағы мамандық иелерін сурет арқылы бейнелеп қатысты.
Шараны практика жетекшісі – филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Балтымова М.Р., отандық жетекші – философия ғылымдарының кандидаты, доцент, қауымдастырылған профессор Мейрбаев Б.Б. және мәдениеттану мамандығының 2-курс докторанты Бөкеш Т.Б. бірлесе ұйымдастырды.
Сайыс алдында Бөкеш Т.Б. балалармен кездесу өткізіп, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі түрлі мамандықтар туралы айтып берді. Оқушылар инженер, дәрігер, мұғалім, эколог, журналист, мәдениеттанушы сынды мамандықтар жайлы қызықты мәліметтер алды.
Балалар қиялдарына ерік беріп, суреттерінде өз болашағын бейнеледі. Олардың еңбектерінде қоғамға пайда әкелетін, білім мен еңбекті бағалайтын мамандар бейнеленді.
Бұл шара балалардың шығармашылық қабілетін арттырып қана қоймай, олардың болашақ мамандыққа деген қызығушылығын оятты.
