Болашақ мамандық таңдау: мектеп түлектеріне кәсіби бағдар беру семинары
2025 жылдың 3 қарашасында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ЦУР-дің 4 және 8-мақсаттары бағытына сәйкес Алматы қаласының жоғары сынып оқушылары үшін кәсіби бағдар беру семинары өткізілді. Шараның мақсаты – мектеп түлектерін еңбек нарығындағы өзекті мамандықтармен таныстыру, университеттегі білім беру бағдарламаларының мазмұны мен мүмкіндіктерін түсіндіру, олардың болашақ кәсіби бағытын дұрыс таңдауға қолдау көрсету.
Экономика және бизнес жоғары мектебі атынан Экономика кафедрасының меңгерушісі, профессор Ғ.Р. Даулиева, кәсіптік бағдарға жауапты оқытушылар Тураров Д.Р. және Кулиев И.У. қатысып, «Экономика» және «Цифрлық экономика» мамандықтары бойынша жан-жақты ақпарат берді. Спикерлер оқу үдерісіндегі практикалық бағыттылық, халықаралық академиялық ұтқырлық, өндірістік тәжірибе және жұмыс берушілермен әріптестік мүмкіндіктерін түсіндірді.
Қатысушылар цифрландыру үдерістерінің экономикадағы рөлі және болашақта сұранысқа ие дағдылар туралы толық ақпарат алды.
Ұйымдастырушылар: Даулиева Г.Р., Тураров Д.Р., Кулиев И.О.
Басқа жаңалықтар