Білімді жастар – елдің болашағыFarabi University

Білімді жастар – елдің болашағы

4 қараша, 2025

Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) аясында 1 курс студенттерімен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы Жүзей Мырзахмет Аманқұлұлы жас студенттерге білім алудың мәні мен құндылығы туралы кеңінен сөз қозғады. Ол ғылым жолын бастап жатқан жас буынға білімнің тиімді жолдары мен тәжірибелік маңызын түсіндіріп, өз біліктілігі мен кәсіби тәжірибесімен бөлісті.

Мақсаты: Студенттерге білім алу процесінің маңыздылығын ұғындыру, интеллектуалдық дамуға қызығушылықты арттыру және жастарды ғылымға деген ынтасын қалыптастыру.

Ұйымдастырушылар:

            •          Философия докторы  (PhD) М.А. Жүзей

            •          Исламтану мамандығының 2 курс магистранты С.Б. Маликов