- Басты бет
- Жаңалықтар
- Тұрақты даму мақсаты 4 «Сапалы білім»: «Наставничество мектебі – өсу мен шабыт алаңы»
Тұрақты даму мақсаты 4 «Сапалы білім»: «Наставничество мектебі – өсу мен шабыт алаңы»
2025 жылғы 31 қазанда «Сапалы білім» атты Тұрақты даму мақсатын іске асыру аясында орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасында Наставничество мектебі өтті. Іс-шараның ұйымдастырушысы әрі көптеген білім беру бастамаларының шабыт берушісі – кафедраның аға оқытушысы Чекина Елена Брониславовна болды.
Мектептің мақсаты – тәжірибелі педагогтар мен жас оқытушылардың кәсіби қарым-қатынас орнатуына, идеялармен, әдістемелермен және жеке жетістіктермен алмасуына мүмкіндік беретін орта құру. Мұнда наставничество тек білім беру құралы ретінде емес, өзара дамудың, жаңа мағыналарды іздеудің және кәсіби құндылықтарды нығайтудың процесі ретінде қарастырылады.
Елена Брониславовна атап өткендей, оқытушылық қызметтегі табыс қолдаусыз және жеке үлгісіз мүмкін емес:
«Наставничество – бұл тек тәжірибемен бөлісу ғана емес, сонымен қатар шабыт беру, жас маманның тұлғалық әлеуетін ашуға көмектесу, оның кәсіби жолындағы алғашқы қадамдарын қолдау.»
Кездесу барысында гуманитарлық білім берудегі заманауи үрдістерге, академиялық мәдениет мәселелеріне және білім беру ортасын қалыптастырудағы наставниктің рөліне ерекше назар аударылды.
Орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының Наставничество мектебі өз миссиясын жалғастыруда – педагогтар буындарын біріктіріп, дәстүр сабақтастығын нығайтуға және кәсіби өсудің жаңа көкжиектерін ашуға бағытталған.
Орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының
аға оқытушысы Едренова Назгүл Тилепбергеновна
Басқа жаңалықтар