Freedom Finance Insurance өкілдерімен кездесу: жұмыс, шәкіртақы және білім беру серіктестігіFarabi University

Freedom Finance Insurance өкілдерімен кездесу: жұмыс, шәкіртақы және білім беру серіктестігі

3 қараша, 2025

31 қазан 2025 ж., жұма, 17:00. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті механика-математика факультетінің Қызыл залында Актуарлық математика (6В05401) мамандығының студенттері үшін арнайы сақтандыру саласының жетекші компаниясы «Freedom Finance Insurance» өкілдерімен мазмұнды кездесу өтті. Іс-шараны Есептеу Ғылымдары және Статистика кафедрасы ұйымдастырды. Кездесудің мақсаты – индустрия мен университет арасындағы ықпалдастықты күшейту, актуарлық білімді практикалық кейстер арқылы тереңдету және студенттердің мансаптық мүмкіндіктерін кеңейту.

Қатысқан спикерлер:

  • Керимбаев Азамат Рашидұлы, PhD – АК «СК «Freedom Finance Insurance» басқарма төрағасы.
  • Шукатаева Айжан Сембекқызы – Актуарлық есептеулер департаментінің директоры, MSc Actuarial Science (London, Cass Business School); Компания лицензиясы:ҚР №37, 16.06.2006 ж.
  • Романова Жанат Исметуллақызы – Деректерді талдау департаментінің директоры.

Кездесудің мазмұны

Спикерлер сақтандыру нарығындағы ағымдағы трендтерге, тәуекелді модельдеуге және актуарлық есептеулердің өндірістік қолданбаларына кеңінен тоқталды. Нарық және реттеу: сақтандыру өнімдерінің деректерге негізделген бағалануы, Solvency талаптарымен үйлесімділік, андеррайтинг мәдениеті. Деректер және талдау: үздік тәжірибеге сай data-driven шешімдер, болжамдық модельдер, сапаны бақылау көрсеткіштері; шығындылық коэффициентін тұрақтандыру, портфельді әртараптандыру, life/non-life бағыттарындағы практикалық мысалдар. Студенттер мен магистранттар сұрақ-жауап кезінде мансаптық тректер, тағылымдаманың мазмұны, техникалық дағдыларға қойылатын талаптар жөнінде нақты ақпарат алды.

Негізгі нәтижелер мен келісімдер

  • Жұмыспен қамту: компания Актуарлық математика (АкМ) мамандығының студенттерін жұмысқа орналастыруға дайын екенін растады.
  • Шәкіртақы: үздік үлгерімді бакалавр студенттеріне компания атынан арнайы шәкіртақылар тағайындау жоспарланды.
  • Оқу форматы: АкМ студенттері үшін компания мамандары тақырыптық дәрістер және тәжірибелік сабақтар өткізеді.
  • Индустриялық кейстер: курстық/дипломдық жобалар үшін нақты корпоративтік деректерге негізделген тапсырмалар ұсыну мүмкіндігі қарастырылды.

Бұл кездесу студенттерге:

– актуарлық модельдеу, ықтималдық-статистикалық әдістер, life/non-life өнімдерінің бағалануы бойынша қолданбалы түсінік берді;

– Excel/VBA, Python (NumPy/Pandas), R, сондай-ақ актуарлық кестелермен жұмыс істеу сияқты құзыреттер картасын айқындауға көмектесті;

– тағылымдама мен бастапқы позициялар үшін жеке кәсіби портфолио құрудың қадамдарын түсіндірді (резюме, жобалар, техникалық тесттер).

 

ҚазҰУ тарапынан бұл кездесу академия–индустрия көпірін нығайтатын, білім мазмұнын еңбек нарығы талаптарына жақындататын маңызды қадам ретінде бағаланды. Бірлескен бастамалар студенттердің кәсіби өсуіне, өңірлік сақтандыру экожүйесінің дамуына нақты серпін береді.

Кездесудің БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарымен үндестігі

🎓 ЦУР 4 – «Сапалы білім»

– Қонақ дәрістер, шеберлік-сыныптар және нақты өндірістік кейстер арқылы студенттердің кәсіби құзыреттері тереңдетілді.

💼 ЦУР 8 – «Лайықты еңбек және экономикалық өсу»

– АкМ студенттерін жұмыспен қамтуға дайындық, үздік бакалаврларға шәкіртақы және тағылымдама мүмкіндіктері ұсынылды.

🏭 ЦУР 9 – «Индустрия, инновациялар және инфрақұрылым»

– Деректерге негізделген (data-driven) шешімдер, актуарлық модельдер мен аналитикалық құралдарды оқу процесіне енгізу насихатталды.

🏭 ЦУР 17 – «Тұрақты даму мүддесіндегі серіктестік»

– Университет пен индустрия арасындағы ұзақмерзімді әріптестік нығайып, бірлескен білім беру бағдарламалары мен жобаларды іске асыруға келісім жасалды.

Өткізілген орны: механика-математика факультетінің Қызыл залы

Ұйымдастырушы: ЕҒжС кафедрасы